
Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі еңбек саласындағы кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу болып табылады.
Бала еңбегін заңсыз пайдалануға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері айқындалған.
Сонымен, 16 жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.
Сонымен бірге, Еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен, оның заңды өкілдерінің бірімен қол қойылған жағдайда, еңбек шарты жасалуы мүмкін:
1) 15 жасқа толған азаматтар орта білім беру ұйымдарында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда;
2) оқудан бос уақытта денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін 14 жасқа толған оқушылар;
3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін 14 жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында 18 жасқа толмаған адамдарға қатысты еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға мынадай жұмыс түрлеріне тыйым салу мен шектеулер көзделген: